Көпір салу жұмысы 2002-жылдың қазан айында басталған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 125 млн. теңге бөлінді.
Үлкен Өзен арқылы өтетін көпір салу нәтижесінде Қазтал ауданы мен Ресейдің көршілес аудандарындағы елді мекендер арасында байланыс жақсарады деп күтілуде.
Мұндағы бұрынғы көпір ескіруге байланысты көктемгі су тасқыны мен күз маусымдарында тұрғындар үшін қатер төндіре бастауға байланысты құлатылған болатын.