Батыс Қазақстан облысында жастардың жалаңаш кеші үшін әкімге сөгіс жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында жастардың жалаңаш кеші үшін әкімге сөгіс жарияланды

Батыс Қазақстан облысында жастардың жалаңаш кеші үшін әкімге сөгіс жарияланды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс жарияланды. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі жедел штаб отырысында айтты. Бұған себеп облыс орталығының маңындағы жағажайлардың бірінде болған жастар кеші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 20 Шiлде 2021
  • 1754
Фото - Caravan.kz

Жеке жағажайлардың бірінде жалаңаштанған жастардың кеші өткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Демалыс күндері жеке кәсіпкерлер жер телімін жалға алып, жаппай іс-шара ұйымдастырғаны белгілі болды. Жарияланған видеолардан жастардың шешініп, ашық конкурстарға қатысып жүргенін көруге болады.

"Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық кентінің жанында "Ванильные берега" жағажайында кеш өтті. Жиынды Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны жағажайды жалға алып ұйымдастырды. Би алаңында "Ұсақ бұзақылық" әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Тәртіп бұзғандардың бірі Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қалғандарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ЖПҚ басқармасының бастығы Мирхат Аженов.

Ғали Есқалиев құзырлы орган қызметкерлерін заңсыз іс-шараға қатысқандардың бәрін жауапкершілікке тартуға шақырды.


"Бәйтерек ауданы қазір "қызыл" аймақта орналасқан. Аудан әкіміне сөгіс жариялаймын. Кешке алдын ала тыйым салу керек болған. Әдепсіз іс-шараға қатысушылардың барлығымен тәрбие жұмысын жүргізіп, олар жұмыс істейтін мектеп директорлары мен кәсіпорын басшыларына ақпаратты жеткізу қажет", – деді Ғали Есқалиев.

Кейін кешті ұйымдастырушылардың бірі кешірім сұрап видео жазды.

Соңғы жаңалықтар