Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері бюджет төлемі 118,7 млрд теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері бюджет төлемі 118,7 млрд теңгені құрады

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері бюджет төлемі 118,7 млрд теңгені құрады

Орал. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері мемлекеттік бюджет төлемі 118,7 млрд теңгені құрады. Оның 102,3 млрд теңгесі республикалық бюджетке және 16,4 млрд теңгесі жергілікті бюджетке бағытталған. Бұл туралы 13 тамызда журналистермен кездесуде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Тамыз 2008
  • 494
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, облыс басшысы ағымдағы жылдың 6 айында облыс бюджеті 18 млрд теңгеге ұлғайғанын атап көрсетті. «Жыл басында облыс бюджеті 47,7 млрд теңге болған. Шілде айында облыстық мәслихаттың соңғы сессиясында бюджетті нақтылағаннан кейін бюджет 64,8 млрд теңгеге тең болды. Оның ішінде, өзіндік табыс 23 млрд теңге, қалғандары республикалық бюджеттің трансферттері», — деп хабарлады Б. Ізмұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар