Батыс Қазақстан облысындағы 350 мектепте оқыту-зертхана жабдықтарын алмастыру талап етілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысындағы 350 мектепте оқыту-зертхана жабдықтарын алмастыру талап етілуде

Батыс Қазақстан облысындағы 350 мектепте оқыту-зертхана жабдықтарын алмастыру талап етілуде

Батыс Қазақстан облысындағы 350 мектепте оқыту-зертхана жабдықтарын алмастыру талап етілуде. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов әкімшілікте өткен кеңесте мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2004
  • 448
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Н.Әшімовтың айтуынша, облыстағы мектептерде санитарлық және ұйымдастыру нормаларына сәйкесетін кабинеттер жеткіліксіз.

Бұл істегі кемшіліктер білім беру сапасына кері әсер етуде, деді әкім. Ұлттық біртұтас тестілеу мен облыстық техникалық олимпиада қорытындылары мектеп оқушыларынң жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім деңгейінің осалдығын дәлелдеп берді. Түлектердің төрттен бір бөлігі 40-қа дейін де балл жинай алмай, өте төмен білім көрсетті.
Н.Әшімовтың хабарлауынша, 2005-жылы облыстағы жалпы білім беретін 200 орта мектепте физика кабинеттерін жабдықтау жоспарланған, ал кейінгі жылдары химия және биология кабинеттері жабдықталады.
Сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдар желісін қалпына келтіру көзделіп отыр. Бүгінде мектепке дейінгі 143 мекемені ашу қажеттігі туындап отыр. Бұған қоса, аудандық білім беру бөлімдерінің мәліметі бойынша, облыста бір үлгідегі балабақшалардың 15 ғимараты қаңырап бос тұр, оларды жөндеуге 215 млн. теңге қажет.

Перейти к новостям спорта