Батыс Қазақстан облысындағы әк зауытын қайтадан жарақтауға 2,5 млн. теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысындағы әк зауытын  қайтадан жарақтауға 2,5 млн. теңге қажет

Батыс Қазақстан облысындағы әк зауытын қайтадан жарақтауға 2,5 млн. теңге қажет

Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз әк зауытын техникалық қайтадан жарақтауға 2,5 млн. теңге қажет. Бұл туралы "Әк зауыты" АҚ-ның директоры Рамазан Нұралиев журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2004
  • 630
Фото - Caravan.kz

Зауыт жыл сайын 12 мың тонна әк тас шығара алады. Алайда, көп жылдан бері өз өнімдеріне сұраныс таппаған зауыт өндірістік қуатын жартылай қысқартуға мәжбүр. Облыста тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылуына байланысты кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істей бастайды деген үміт бар. Мамандардың есептеуінше, бағдарлама жүзеге асырыла бастау нәтижесінде Батыс Қазақстан облысындағы әктастан жасалатын кірпішке деген сұраныс 80 млн. данаға дейін артады деп күтілуде. Зауыт өнімдерінің 95 проценті Оралдағы силикат кірпіш өндіретін «Силикат» АҚ-на сатылады.

Ал зауыт басшылығының пайымдауынша, 30 жылдан бері жаңғыртылмаған өндірісті техникамен қайтадан жарақтау тек инвесторлардың көмегімен ғана жүзеге асатын шаруа.