Батыс Қазақстан облысындағы дүкен, кафе және шаштараздардың 20 проценті тазалық талаптарын бұзады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысындағы дүкен, кафе және шаштараздардың 20 проценті тазалық талаптарын бұзады

Батыс Қазақстан облысындағы дүкен, кафе және шаштараздардың 20 проценті тазалық талаптарын бұзады

Батыс Қазақстан облысындағы дүкен, кафе және шаштараздардың 20 проценті тазалық талаптарын бұзады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық бақылау басқармасының бастығы Алексей Бирюков хабарлады.

  • 30 Шiлде 2003
  • 682
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, облыс бойынша жыл басынан бері дүкен, кафе, шаштараз, әсемдік салондары және стоматологиялық кабинет түріндегі нысандар ашуға 286 шешім шығарылған. Қазіргі жағдаймен облыстық СЭС-тің бақылауында барлығы 5527 нысан бар.

Олардың басым бөлігіндегі тазалық ахуалы талапқа сай келмейді. Атап айтсақ, Бирюковтың пікірінше, сауда-саттық нысандарында өнімдерді сақтау мерзіміне қойылатын талап орындалмайды, сатылатын өнімдердің ассортименті жұтаңқы, сауда нысандарының қызметкерлері дер кезінде мерзімді дәрігерлік бақылаудан өтпейді.
Ал қоғамдық тамақтандыру нысандарында тағам әзірлеу технологиясы сақталмайды, ыдыс-аяқ дұрыс жуылмайды.
Стоматологиялық кабинеттерде дезинфекциялау-стерилизациялау тәртібі сақталмайды. Ал шаштараздарда тазалық тәртіптерін бұзу, бөлмедегі жағдайды реттемеу жағдайлары кездеседі.
Бірқатар шағын және орта бизнестік өнеркәсіп нысандарында санитарлық заң талаптарын бұзу, санитарлық қорғаныс аймағын көгалдандырмау, кәсіпорын аумағын көркейтпеу белең алған.
Әшкереленген қайшылықтар бойынша 625 ескерту беріліп, 440 айыппұл салынды,
36 нысанды тұтыну мерзімі тоқтатылды, 41 нысан бойынша материалдар прокуратураға жолданып, 274 адам жұмыстан босатылды.

Соңғы жаңалықтар