Батыс Қазақстан облысындағы Қайрат-Мұратсай-Сайхин газ құбыры жылдың аяғына дейін салынып бітеді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысындағы Қайрат-Мұратсай-Сайхин газ құбыры жылдың аяғына дейін салынып бітеді

Батыс Қазақстан облысындағы Қайрат-Мұратсай-Сайхин газ құбыры жылдың аяғына дейін салынып бітеді

Орал. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының оңтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ететін Қайрат-Мұратсай-Сайхин газ құбыры жылдың аяғына дейін салынып бітеді. Бұл туралы БҚО әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қазан 2008
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бақтықожа Ізмұхамбетов газ құбырының салыну қарқынына қанағаттанғандық білдірді. Жаңа жылда Сайхин кентіне газ жеткізіледі, деді ол.

Әкімнің айтуынша, Қарашығанақ -Ақсай-Орал газ құбырының құрылысы да кесте бойында жүргізілуде. Бұл жоба келісі жылы толық аяқталады. Нәтижесінде Сырым ауданының Жамбыты кентіне дейін көгілдір отын жеткізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті