Батыс Қазақстан облысының 15 ауылдық округінде сыртқа мал шығаруға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының 15 ауылдық округінде сыртқа мал шығаруға тыйым салынды

Батыс Қазақстан облысының 15 ауылдық округінде сыртқа мал шығаруға тыйым салынды

Батыс Қазақстан облысының 15 ауылдық округінде малдың жұқпалы бруцеллез ауруы тіркелуіне байланысты сыртқа қой және ешкі шығаруға тыйым салынды . Бұл туралы ауылшаруашылық министрлігінің аумақтық басқармасынан хабарлады.

  • 24 Маусым 2003
  • 423
Фото - Caravan.kz

Басқарма мамандарының дерегіне жүгінсек, 2003-жылы ауылдың 20 тұрғыны бруцеллезбен ауырған. Басты себеп — тазалық талаптарын бұзу болып отыр.

Төтенше ауыр ахуал Тасқала ауданында қалыптасты. Облыстың Бөкейорда, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық тәрізді төрт ауданының 9 елді мекеніндегі ахуал төтенше ауыр деп бағалануда. Қос өркешті түйе өсіретін «Орда » шаруашылығында да карантин жарияланды.
Мамандардың пайымдауынша, бруцеллездің таралуына гигиена талаптарын сақтамау әсер етіп отыр. Сонымен бірге, мұндай жағдайға бір-біріне мал сыйлайтын халықтық дәстүр де өзіндік кесірін тигізуде. Сыйлық ретінде табыс етіліп, ауылдық округ аумағынан шығып кеткен малдың санын мал дәрігері де білмей қалады.

Соңғы жаңалықтар