Caravan Logo

Батыс Қазақстан облысының 15 ауылдық округінде сыртқа мал шығаруға тыйым салынды

Батыс Қазақстан облысының 15 ауылдық округінде сыртқа мал шығаруға тыйым салынды

Басқарма мамандарының дерегіне жүгінсек, 2003-жылы ауылдың 20 тұрғыны бруцеллезбен ауырған. Басты себеп - тазалық талаптарын бұзу болып отыр.

Төтенше ауыр ахуал Тасқала ауданында қалыптасты. Облыстың Бөкейорда, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық тәрізді төрт ауданының 9 елді мекеніндегі ахуал төтенше ауыр деп бағалануда. Қос өркешті түйе өсіретін "Орда " шаруашылығында да карантин жарияланды.
Мамандардың пайымдауынша, бруцеллездің таралуына гигиена талаптарын сақтамау әсер етіп отыр. Сонымен бірге, мұндай жағдайға бір-біріне мал сыйлайтын халықтық дәстүр де өзіндік кесірін тигізуде. Сыйлық ретінде табыс етіліп, ауылдық округ аумағынан шығып кеткен малдың санын мал дәрігері де білмей қалады.