Жарияланды: 410

Батыс Қазақстан облысының 2003-жылғы бюджетіне 1,5 млрд. теңге түспей қалды

Батыс Қазақстан облысының 2003-жылғы бюджеті 1,5 млрд. теңгеге азайтылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың сессиясында Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасының бастығы Асқар Хамитов хабарлады.

Оның түсініктемесіне жүгінсек, бұл қаржыны облыс бағалы қағаздар шығару арқылы облыстың даму бюджетіне қаржы рыногынан қарыздану есебінен алуды жоспарлаған болатын. Алайда, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі облысқа өз бағалы қағазын шығаруға рұқсат бермеген. Оның себебі түсіндірілген жоқ. Осындай өзгертулердің салдарынан Батыс Қазақстан облыстық бюджетінің түсімдері бұрынғы жоспарланған 25,033 млрд. теңгенің орнына 23,479 млрд. теңгені құрады. Осыған байланысты мәслихаттың соңғы сессиясында биылғы бюджетті азайту туралы шешім қабылданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін