Батыс Қазақстан облысының әкімі осындағы мектеп түлектері үшін еліміздің техникалық жоғары оқу орындарында оқуға арнап 10 грант тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының әкімі осындағы мектеп түлектері үшін еліміздің техникалық жоғары оқу орындарында оқуға арнап 10 грант тағайындады

Батыс Қазақстан облысының әкімі осындағы мектеп түлектері үшін еліміздің техникалық жоғары оқу орындарында оқуға арнап 10 грант тағайындады

Батыс Қазақстан облысының әкімі осындағы мектеп түлектері үшін еліміздің техникалық жоғары оқу орындарында оқуға арнап 10 грант тағайындады. Грантқа физика және математика пәндері бойынша өткізілген олимпиадаларда жеңімпаз атанған мектеп түлектері ие болмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Қалиолла Қарағойшин хабарлады.

  • 20 Ақпан 2004
  • 645
Фото - Caravan.kz

Техникалық пәндер бойынша арнаулы олимпиада үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында өткізіледі. Олимпиаданың басты мақсаты — оқушылардың техникалық пәндер мен мемлекеттік тілге деген құштарлығын оятуға саяды. Олимпиада екі кезеңмен өткізіледі. Бірінші кезеңде жоғары класс оқушылары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалату үшін тест сынағын тапсырып, екінші сатыда физика, математика, химия, информатика пәндері бойынша олимпиадаға қатысады. Олимпиада қорытындысы бойынша техникалық мамандықтарға бейімі бар, болашағынан үміт күттіретін оқушылар туралы дерекқор құрылып, олардың арасынан ең дарындылары әкімнің грантына ие болады.

Қ.Қарағойшиннің айтуынша, алдағы уақытта олар облыстағы өнеркәсіп орындарына жұмысқа қабылданады.

Соңғы жаңалықтар