Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындардың не себепті Ресейде емделуге мәжбүр екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындардың не себепті Ресейде емделуге мәжбүр екенін айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындардың не себепті Ресейде емделуге мәжбүр екенін айтты

Батыс Қазақстан халқының  Ресейде емделуге мәжбүр екендігі рас па?

  • 26 Мамыр 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл сұраққа Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы   Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

Әкімнің айтуынша, Батыс Қазақстан облысында 247 медициналық маман жетіспейді. Оған бірнеше себеп бар. 

“Кадрлардың көбі ауылдық жерлерге барғысы келмейді. Барған жағдайда тұрақтамай кетіп қалады. Осы кадр мәселесін шешуге байланысты гранттарды көбейтіп жатырмыз. Қазір ауылға барамын дейтіндерге 2,5 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін грант береміз. Сонымен қатар тұрғын үй мәселесін шешіп беріп, шетелде оқыту, тәжірибе алмасу жұмыстарымен қамтамасыз етеміз”, – дейді ол. 

Сонымен қатар, ол тек БҚО тұрғындары ғана емес басқа облыстың да тұрғындары Ресейге, басқа да шетелдерге ем алуға баратынын айтады. 


“Негізінен көпшілігі онкологиялық ауруларға байланысты шетел асып жатады. Сол себепті онкологиялық орталықтың жанынан барлық талаптарға сәйкес орталық ашылды. Бүгінгі күннің талабына сай техникалар алып келдік. Енді онкологиялық ауруға ұшыраған науқастарды шетелге немесе республиканың басқа өңіріне жібермейміз. Бұндай құрылғылар тек Шымкент қаласында және бізде ғана бар. Үш миллиард теңге осы орталыққа жұмсалды”, – дейді Нариман Төреғалиев. 

Соңғы жаңалықтар