Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалады - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалады - ҚР үкімет басшысы

Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалады - ҚР үкімет басшысы

Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев "Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалу жөніндегі жарлықты күтіп отыр". Бұл туралы бүгін, 18-қарашада Оралда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 689
Фото - Caravan.kz

«Бұл — мемлекет басшысы тарапынан көрсетілген үлкен сенімнің айғағы. Көп ғасырлық қарым-қатынас дәстүрі қалыптасқан Ресейдегі елші кез-келген басқа елдегі елшіден қашан да биік тұрады»,- деді үкімет басшысы.

Қ.Көшербаев 1955-жылы Қызылорда облысында туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді, саяси ғылымдар докторы деген ғылыми дәрежесі бар. 1996-97-жылдар аралығында ол Елбасының баспасөз қызметін басқарды. 1997-2000-жылдарда білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, білім беру және спорт, білім беру және ғылым министрліктерін басқарды. 2000-жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Д.Ахметов облыс әкімшілігінің жаңа басшысын таныстыру үшін Оралға келді. Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Нұрғали Әшімов тағайындалды.
Н.Әшімов 1959-жылы Шымкентте туған. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын инженер-математик мамандығы бойынша бітірді. Банк жүйесінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған. ҚР Ұлттық банкінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасын басқарды, «ТұранӘлемБанкі» ЖАҚ басқармалары төрағасының орынбасары болды. Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Қостанай қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2000-2001-жылдарда «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның вице-президенті және президенті болды. Батыс Қазақстан облысының әкіміне тағайындалғанға дейін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары лауазымын иемденді.

Соңғы жаңалықтар