Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Кирсаново ауылының екі тұрғыны 38 және 8 жастағы әкелі-балалы екі адам отын дайындап жүріп кенеге шағылған болатын. Бала облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыр күйде жеткізілсе, әкесінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Науқастарға алдын-ала зерттеулер нәтижесіне қарай бүйрек синдромымен қабаттасқан қырым қанды безгегі деген диагноз қойылды.
Зертханалық тексеру мақсатымен алынған қан зерттеуі алдын-ала қойылған диагнозды растап берді. Қазір инфекция ошағында ауру жұқтырғандармен байланыста болған адамдар арасында эпидемияға қарсы шаралар қолданылып жатыр.