Батыс Қазақстанда 2,5 млрд. жуық теңгеге 30 білім нысаны күрделі жөндеуден өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда 2,5 млрд. жуық теңгеге 30 білім нысаны күрделі жөндеуден өтпек

Батыс Қазақстанда 2,5 млрд. жуық теңгеге 30 білім нысаны күрделі жөндеуден өтпек

БҚО-да биыл 2 млрд. 459,26 млн. теңгеге отыз білім нысаны күрделі жөнделмекші.

  • 9 Маусым 2011
  • 362
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ердан Қатаевтың айтуынша, 12 жалпы білім беретін мектеп, 2 балабақша, қос колледж, 8 кәсіптік лицей және 6 басқа нысандар ретке келтіріледі. Сондай-ақ 15 шілдеге дейін 415 білім мекемесі ағымдағы жөндеуден өтеді. Бұған жергілікті қазынадан 250 млн. теңге қаралған.

Су тасқынынан өңірде 14 білім нысаны зардап шеккен болатын. Оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд. 170,935 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ тасқын зардаптарын жою аясында Орал қаласында 1200 орындық мектеп, 290 орындық екі балабақша, Зеленов ауданы Асан ауылында 230 орындық мектеп салынуда.

Соңғы жаңалықтар