Батыс Қазақстанда 88 келі марихуанамен маңғыстаулық тұрғын ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда 88 келі марихуанамен маңғыстаулық тұрғын ұсталды

Батыс Қазақстанда 88 келі марихуанамен маңғыстаулық тұрғын ұсталды

25 қазан күні «Қауіпсіз жол» және «Көкнәр-2012» жедел алдын алу шаралары барысында

  • 29 Қазан 2012
  • 304
Фото - Caravan.kz

Орал-Атырау күре жолы бойындағы «Көшім» бекетінде жол полициясы инспекторы, полиция старшинасы Науша Сисекешев Атырауға қарай бет алған «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, Маңғыстау облысының 1972 жылғы тұрғыны Б. айдап бара жатқан көліктің салоны мен жүксалғышынан салмағы 88 келі 618 грамды құраған 6 қап өсімдік табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес ол марихуана болып шықты.

Қазіргі кезде бір келі марихуананың «қара базардағы» құны 450 мың теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар