Жарияланды: 320

Батыс Қазақстанда бес айда 619,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда 619,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 6,9 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, кен өндіру өнеркәсібінде 560,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Мұндағы өсім - 4,6 пайыз. Әсіресе, табиғи газ өндіру - 9,6, газ конденсаты 5,7 пайызға артып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде 46,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы бес айдағыдан 43,6 пайызға асып түсті. Әсіресе, мұнай өнімдері - 2,4, машина жасау - 2,3, басқа металл емес минеральдық өнімдер - 1,6, тоқыма бұйымдары 1,4 есеге артты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін