Батыс Қазақстанда бес айда 619,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда бес айда 619,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Батыс Қазақстанда бес айда 619,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда 619,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 6,9 пайызға артық.

  • 13 Маусым 2011
  • 307
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, кен өндіру өнеркәсібінде 560,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Мұндағы өсім — 4,6 пайыз. Әсіресе, табиғи газ өндіру — 9,6, газ конденсаты 5,7 пайызға артып отыр.

Өңдеу өнеркәсібінде 46,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғы бес айдағыдан 43,6 пайызға асып түсті. Әсіресе, мұнай өнімдері — 2,4, машина жасау — 2,3, басқа металл емес минеральдық өнімдер — 1,6, тоқыма бұйымдары 1,4 есеге артты.

Соңғы жаңалықтар