Батыс Қазақстанда бір жас жігіт қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілді
3 қараша күні түнде Сырым аудандық ауруханасының жарақат пунктіне екі адам жеткізілген. |
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 18 жасар аудан тұрғыны бауырға тиген пышақ жарақатынан көз жұмған. Екінші ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның да бауырына, іш құрылысына, солжақ жамбасына зақым келген.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «и» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін