Бейнежазбаны Whatsapp-қа жіберген азамат аудиожазбасын да жолдаған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
"Жаңа ғана Оралдан келе жатқан едім. Көз алдымда екі Шаран бетпе-бет соғысты. Үш адам өлген. Тоғызы ауыр жараланған. Осыны таратыңыздаршы. Адамдар Шаранмен жүрмей-ақ қойсыншы. Автобуспен, пойызбен жүрсін. 97-ші жылғы жас қыздар… Емтихан тапсырып, үйлеріне қайтып бара жатқан екен. Оқиға Орал жақтан келе жатқанда Қанайға жетпейтін жерде болды" болды дейді видеоны (көру үшін басыңыз ) таратқан азамат.