Жарияланды: 340

Батыс Қазақстанда бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 9-10 қаңтар күндері қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек. Қазіргі кезде өңірде қолайсыз ауа райына байланысты тиісті шаралар алынуда. Өмірлік маңызы бар нысандардың, электр және байланыс жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілмек. Төтенше жағдайларды жоюға қажетті күш-құралдар дайындалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін