Жарияланды: 230

Батыс Қазақстанда бұрқасын тұрып, жел күшеймек

«Қазгидромет» РМК облыстық бөлімшесінің мәліметіне қарағанда, Батыс Қазақстанда 20-21 желтоқсан күндері кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 25 метрге жетпек.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, осыған байланысты тұрғындар арасында төтенше жағдайды болдырмау мақсатында тиісті мекемелерге ескертілді. Сондай-ақ төтенше жағдайды жоятын күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін