Батыс Қазақстанда достық фестивалі қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда достық фестивалі қорытындыланды

Батыс Қазақстанда достық фестивалі қорытындыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына және халықаралық мәдениеттер жақындасуы жылына арналған ХІ облыстық достық фестивалі мәреге жетті.

  • 13 Желтоқсан 2010
  • 520
Фото - Caravan.kz

Орал қаласындағы Достық үйінде өткен қорытынды шараға ұлттық-мәдени орталықтар жетекшілері, көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаевтың атап өткеніндей, аталған өнер фестивалі өңірдегі рухани бірлік пен ұлтаралық келісімді одан әрі орнықтырып, отаншылдық сезімді дамытуға қызмет етеді.

Концертте қазақ, орыс, өзбек, татар, беларусь тілдерінде әндер шырқалып, жыр оқылды, би биленді.

Шара соңында облыс әкімі, облыстық ассамблея және мәдениет басқармасы атынан үздік өнер көрсеткендерге алғысхаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Перейти к новостям спорта