Батыс Қазақстанда газға уланған үш адамның біреуі қайтыс болды
15 қараша күні Шыңғырлау ауылында Тайманов көшесі 92-үй, 1-пәтерде газдың шығып кетуінен үш адам ауруханаға түскен. |
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, газға уланған 1938 жылғы Б. және 1967 жылғы Б. есімді екі ер адам ауыр жарақат алса, 1943 жылғы әйел көз жұмған.
Бұған дейін осындай қайғылы оқиға Орал қаласына қарасты «Жақсыауыл» кентінде орын алған еді. Пәтер жалдап тұратын медколледждің үш бірдей студенті мен олардың біреуінің анасы газдың жарылуынан қатты күйік алып, кейін оның біреуі, өрімдей жас қыз қайтыс болған еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін