Батыс Қазақстанда картоп 13,7, жарма бағасы 16,3 пайызға арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда картоп 13,7, жарма бағасы 16,3 пайызға арзандады

Батыс Қазақстанда картоп 13,7, жарма бағасы 16,3 пайызға арзандады

Батыс Қазақстан облысында биылғы қазанда инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 103,2 пайызды құрады.

  • 7 Қараша 2012
  • 413
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 3,4 пайызға өсті. Соның ішінде еттің бағасы 9,1, шошқа еті — 5,7, жылқы еті — 10,4, қой еті — 12,8, сиыр еті 14 пайызға қымбаттады. Кондитер өнімдері — 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері — 3,9, қант — 6,1, ұн — 11,9, нан- 2,9, макарон өнімдері 1,6 пайызға көтерілді.

Есесіне биылғы он айда көкөніс бағасы — 4,4, соның ішінде пияз — 6,1, қызылша — 7,4, қияр- 13,2, қызанақ 22,6 пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма бағасы 16,3 пайызға түсті.