Батыс Қазақстанда күрең берет киіп, «Бүркіт» төсбелгісін тағу үшін республикалық сынақ өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда күрең берет киіп, «Бүркіт» төсбелгісін тағу үшін республикалық сынақ өтуде

Батыс Қазақстанда күрең берет киіп, «Бүркіт» төсбелгісін тағу үшін республикалық сынақ өтуде

Кеше 5517-әскери бөлімінің «Сұңқар» оқу орталығында ҚР ІІМ ішкі әскерлер «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің белгілері - күрең берет киіп,

  • 14 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Бүркіт» төсбелгісін тағу құрметіне ие болуы үшін республикалық біліктілік сынағы басталды.

Оған Алматы, Шымкент, Орал, Петропавл, Қарағанды, Астана және Өскемен қалаларынан «Бүркіт» бөлімшелері қатысуда. Кеше үміткерлер дене тәрбиесінен сынақ тапсырып, медициналық әзірліктен өтті. Теориялық даярлықтарын пысықтап, 5-7 метрден пышақ лақтырудан жаттықты. Негізгі сынақтар (ең бастысы — жекпе-жек ұрыс) 16, 17 маусым күндері өтеді.

Әскери қызметкерлер қатаң сыннан өтеді. Сәтті өткен үздіктерге куәліктер табыс етіледі. Мұндай мәртебеге ие болғандарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Оларға 10 АЕК көлемінде біржолғы сыйақы төленеді. Қызметке жоғарылағанда, ЖОО-ға түскенде және әскери атақ берілерде бұл мәртебесі ескеріледі.

Капитан Ерболат Сұлтановтың айтуынша, «Бүркіт» қатарына кірердегі сынақ ТМД бойынша ең күрделі болып есептеледі.

Соңғы жаңалықтар