Батыс Қазақстанда мектептегі үзіліс кезінде қазақ күйлері орындалады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда мектептегі үзіліс кезінде қазақ күйлері орындалады

Батыс Қазақстанда мектептегі үзіліс кезінде қазақ күйлері орындалады

"Рухани жаңғыру"бағдарламасының жүзеге асуы туралы аймақ басшысы Алтай Көлгінов баяндап берді.

  • 15 Наурыз 2018
  • 180
Фото - Caravan.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтың қатысуымен өңірде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жүзеге асуы туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бағдарламаға 2017 жылы меценаттар қаржысы есебінен 2,5 млрд теңге жұмсалып, 60 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 10 әлеуметтік нысан (балабақша, спорт кешендері, медициналық амбулаториялар), 5 мәдениет нысаны (ескерткіштер, музейлер) салынды және жөндеуден өткізілді. 24 нысанда абаттандыру (кіші сәулет формалары, саябақ, тынымбақтар) жұмыстары атқарылды. 21 нысанның материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Биыл да осы жұмыстар қарқынды жүзеге асырылатын болады", — деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов облыстағы білім саласындағы атқарылған жұмыстарды атап өтті. Соның ішінде өткен жылы мектеп түлектеріне 200 грант бөлінгендігі, IT-мектебін ашу жоспары, жоғары оқу орындарында кәсіпкерлікті қолдау орталығының жұмысына тоқталды.

Алтай Көлгінов өз баяндамасында өңірдегі ұлттық дәстүрді қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды да айтты.

"Өңіріміздің барлық мектептерінде үзіліс кезінде қазақ композиторларының күйлерін ойнатуды қолға алдық. Оған қоса, мектептерде домбыра үйірмелері кеңейтілуде. Сондай-ақ, Орал қаласында "Домбыра күнін" өткізу жоспарланып отыр", — деп атап өтті облыс әкімі.

БҚО әкімі баяндамасының бір бөлігі өңірдің қасиетті орындарына арналды.


"Қасиетті орындар" тізіміне енген "Бөкей Ордасы" тарихи-музей кешеніне өзімізден және алыс-жақын елдерден келетін туристердің қызығушылығы айрықша. Бұл өңіріміз үшін өте маңызды жоба. Облыс орталығынан шалғай жерде, 600 шақырым қашықтықта орналасқан кешенде туризмді дамыту мақсатында кіші авиацияны, жергілікті әуе желілерін дамытуды қолға алудамыз. Осыған сәйкес, бұрын болған әуе айлақтары 2021 жылға дейін қайта қалпына келтірілетін болады", — деді БҚО әкімі.

Айта кету керек, биыл Орал қаласында заманауи Мәдениет сарайының құрылысы басталады.

Оқи отырыңыз:

Қостанайда оқушы қызды анасы пышақтап тастады

"Мені уахабистер пышақтады" — Құлсары тұрғыны

Ақтөбелік жігіт “Алло” хитінің авторына 3 жыл бойы зорланғанын айтып, жар салды

 
Соңғы жаңалықтар