Жарияланды: 480

Батыс Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіру 2,4 есеге өсті

Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда 22,9 млрд. теңгенің мұнай өнімдері өңделді.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 2,4 есеге артық. Облыста газойль шығару көбейіп отыр. Өңірде сондай-ақ 1408,6 млн. теңгенің басқа металл емес минералдық өнімдері шығарылды, бұл 1,6 есеге көп. Құрылыс мақсатындағы бетон, тауарлы бетон, құрылыс қоспасы, керамзит өндіру ұлғайды. Тоқыма және тігін өнеркәсібінде 221,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 35,4 пайызға көп. Металлургия өнеркәсібінде 1361,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 14 пайызға аз. Дегенмен ұнтақталған шар өндіру өсті. Электрмен қамту, газ беру кәсіпорындарындағы өнім көлемі 11,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылғыдан 0,7 пайызға артты. Сондай-ақ сумен қамту кәсіпорындарында да (1,8 млрд. теңге) өсім 7,9 пайызды құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін