Жарияланды: 340

Батыс Қазақстанда облыс жастары үшін еңбек биржасын құру жобасы жүзеге асырылуда

Батыс Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау аясында облыс жастары үшін еңбек биржасын құру жобасы (қаржыландыру көлемі - 1 млн. теңге) жүзеге асырылуда.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Серік Молдағалиевтің сөзіне қарағанда, жоба аясында жұмыссыз жастарға қолдау көрсетіліп, ірі жұмыс беруші кәсіпорындардың және жұмыспен қамту органдарының қатысуымен еңбек жәрмеңкелері жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Осы жоба жыл сайын жалғаспақ. Биыл «Жастар тәжірибесі» бойынша 2202 түлек, соның ішінде 1956-сы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіш 2011 жылғы көрсеткіштен 59 пайызға жоғары. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 306,4 млн. теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының «Ауылдық жерде кәсіпкерліктің дамытуына қолдау көрсету» екінші бағыты бойынша ауылдық жерлердегі 322 жас шағын несиелер алып, өз бизнесін ашу немесе ұлғайту және ауылда жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігіне ие болды. Облыста «Жасыл ел» және студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары облыстық штабы белсенді түрде жұмыс атқаруда. 2012 жылы құрамында 724 адам бар 48 «Жасыл ел» және 704 адамды қамтитын 49 студенттік құрылыс жасағы еңбек етті. Сонымен қатар 52 педагогикалық жасақ (250 адам) құрылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін