Жарияланды: 370

Батыс Қазақстанда қасақана от қою оқиғалары тыйылар емес

12 қарашаға қараған түні Ақжайық ауданында қасақана өрт қою оқиғалары болды.

Сол күні Тайпақ ауылында 02.50 сағат шамасында екі көршінің шаруашылық құрылыстарында, 10 минуттан кейін тағы бір, 5 минуттан соң және бір тұрғынның қора-жайларынан от шықты. Соның салдарынан барлығы 24 тонна шөп, 4 мал қорасы, бір тұрғынның құрылыс дүниелері жойылды. «Қасақана өртеу» деп ұйғарылған бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Айта кетейік, өңірде мұндай оқиғалар бұдан бұрын да орын алған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін