Батыс Қазақстанда «суррогат» сиырлардан алғашқы «өнім» алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда «суррогат» сиырлардан алғашқы «өнім» алынды

Батыс Қазақстанда «суррогат» сиырлардан алғашқы «өнім» алынды

Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округіндегі «Батыргерей» шаруа қожалығында «суррогат» сиырлардан алғашқы төлдер алынды.

  • 16 Мамыр 2013
  • 436
Фото - Caravan.kz

Отандық мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу орталығының мамандары БҚО-да ірі қараны асылдандыруды эмбрион трансплантациялау технологиясы арқылы жүргізудің пилоттық жобасын өткен жылдан бастап қолданысқа енгізді. Аталмыш технология дамыған елдерде көптен бері бар. Енді мемлекеттік қолдаудың арқасында эмбрион трансплантациялау технологиясы жаппай қолданысқа енбек. 2012 жылы облыстың 5 шаруа қожалығындағы 200 сиырға қазақтың ақбас тұқымды ірі қара эмбрионы салынған болатын, оның әрбірінің құны — 35000 теңге. Ал биыл бұл сала мемлекет тарапынан субсидияланатын болады. Әрбір сатып алынған эмбрионға 18 мың теңгедей жәрдемақы төленеді.

Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының ғылыми қызметкері Артем Бригиданың айтуынша, ұрықтардың аман қалу мүмкіндігі облыс шаруашылықтарында 50-55 пайызды көрсетіп тұр. Салыстырмалы түрде алғанда, Ресейде бұл көрсеткіш 40-45 пайыз, ал Еуропада 50 пайыз. Әрине, отандық биотехнологтар аталмыш тәсіл арқылы жоғары өнім алу үшін барлық жағдай жасап отыр. Неміс ғалымдарының көмегімен арнайы зертхана жасақталып, жергілікті климатқа сай жасалған үш эмбриомобиль (жылжымалы зертхана) сатып алынды. Соның бірі Батыс Қазақстанда.

Міне, осындай эмбриомобильдің көмегімен «Батыргерей» шаруа қожалығында 40 сиырдың жатырына эмбрион салынған еді. 1991 жылдан бері мал бағумен айналысып келе жатқан қожалық иесі Аманқұл Батыргереевтің бүгінде 300-ден астам ірі қарасы, 200-дей уақ жандығы, 180 жылқысы бар. Малдың эмбрионды қабылдауы көбіне түліктің қоңына, жасына байланысты. Сондықтан шаруашылықтағы 150 сиырдың жағдайы алдын ала зерттеліп, солардың 40-ы ғана эмбрионды көтеруге жарамды боп табылды. Бүгінде «Батыргерей» қожалығындағы эмбрион қабылдаған 20 сиырдың 15-і төлдеді. Бұзаулардың бәрі уызына жарып тұр.

Жасанды ұрықтанудан өткен сиырларға қарағанда, эмбрион салынғанынан туған ұрпақ әлдеқайда өсімтал.

Перейти к новостям спорта