Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылдың желтоқсанында азық-түлік тауарларының баға индексі 101,2 пайызды құрады. Кондитер өнімдерінің бағасы — 0,9, май және тоңмай — 1, макарон өнімдері — 1,4, ет — 1,6, сүт, ірімшік және жұмыртқа — 1,7, жемістер мен көкөніс 2,6 пайызға қымбаттады. Темекі өнімдерінің бағасы 3,4 пайызға өсті.
2012 жылы азық-түлік тауарларының бағасы 5,1 пайызға қымбаттады. Макарон өнімдерінің бағасы — 3, ірімшік және сүзбе — 3,4, нан — 3,6, кондитер өнімдері — 4, темекі өнімдері — 3,5, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері — 4,7, ет — 11,7, ұн 12,6 пайызға көтерілді. Темекі өнімдерінің бағасы 7 пайызға өсті. Осы кезеңде жарма бағасы 16,3 пайызға төмендеді. Картоп 8,6 пайызға арзандады.
Ай ішінде азық-түлік емес тауарларының бағасы 0,3 пайыз өсті, бұл киім және аяқ киім бағасының — 0,3, фармацевтикалық өнімдердің — 0,5, қатты отынның — 1,6, газеттер, кітаптар мен кеңсе тауарларының 1 пайызға қымбаттауына байланысты.
2012 жылға азық-түлік емес тауарларының баға индексі 103,5 пайызды құрады. Киім және аяқ киім бағасы — 3,6, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары — 5,6, құрылыс материалдары — 4,7, шыны бұйымдар, асханаға және үйге қажетті керек-жарақтар — 6,4, өсімдіктер мен гүлдер — 5,9, қатты отын 17,9 пайызға өсті. Бензин — 3,7, дизель отыны 14,3 пайызға қымбаттады.
2012 жылғы желтоқсанда халыққа көрсетілген ақылы қызметтер бағасы 0,2 пайызға көтерілді.
2012 жылы ақылы қызмет бағасы 3,9 пайызға өсті, бұл білім беру қызметтері бағасының — 10,6, сақтандыру және құқықтық қызметтердің — 7, сағат жөндеудің — 7,3, қоқыс жинаудың — 9,3, салт-жора қызметтерінің — 27,7 пайызға көтерілуіне қатысты. Газ — 4,9, байланыс қызметтері — 11,9 пайызға, соның ішінде почта қызметі — 56,5, телефонға абоненттік төлем 20 пайызға қымбаттады. Теміржол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы 11,5 пайызға өсті.