Батыс Қазақстанда үздік журналистер марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда үздік журналистер марапатталды

Батыс Қазақстанда үздік журналистер марапатталды

Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесіне орай 23 маусым күні А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында салтанатты жиын болды.

  • 24 Маусым 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz

Журналистерді төл мерекесімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Биыл облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өңір қаламгерлері арасында тұңғыш рет «Қанатты қалам» сыйлығын белгілеген болатын. Байқауға қырық шақты жұмыс түсіп, солардың таңдаулылары іріктеліп алынған. «Кәсіби шеберлігі үшін», «Біздің ауыл», «Біздің қала», «Дәулет», «Шапағат», «Нысана» аталымдары бойынша республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Темір Құсайын, «Хабар» телеарнасының тілшісі Ардақ Айбарұлы, Орал қалалық «Пульс города» газетінің бас редакторы Федор Попов, облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Есенжол Қыстаубаев, «Қазақстан-Орал» телеарнасының редакторы Мұнайдар Балмолда, «Информбиржа» газетінің фототілшісі Ярослав Кулик марапатталып, оларға дипломға қоса ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Ардагерлер, облыстық «Орал өңірі» газетінде ұзақ жыл еңбек еткен Құбаш Қажымов пен Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің бас редакторы Закария Оразаев «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болса, үздік журналистерге басқа да марапаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар