БҚО орталық мешітінің баспасөз хатшысы Нұрлан Қабыкештің хабарлағанындай, бұған дейін осы қызметті атқарған Смайыл Сейітбек ҚМДБ-ның оқу-ағарту ісінің меңгерушісі болып ауысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы, БҚО діни істер жөніндегі департамент басшысы Талғат Рақымұлы С.Сейітбекке атқарған қызметі үшін ризашылығын білдірсе, облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Амангелді Дүйсенәлиев иманды азаматтар атынан «темір тұлпардың» кілтін табыс етті.
Бауыржан Әлиұлы осыған дейін Орал медресесінде ұстаздық етіп келген еді.