Батыс Қазақстанда жаңа журнал жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда жаңа журнал жарық көрді

Батыс Қазақстанда жаңа журнал жарық көрді

Орал қаласында «Дана» журналының алғашқы саны жарық көрді.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz

Журналдың бас редакторы, белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлының айтуынша, басылым айына бір рет шығып тұрмақ. Ол өңірде еленбей келген тарихи тұлғаларды, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптарды қамтитын болады. Түрлі-түсті болып, жақсы безендіріліп шыққан алғашқы нөмірінде Батыс Қазақстанда 1940-1941 жылдары астыртын жұмыс жасаған «Қазақ халқын қорғаушылар одағын» ұйымдастырушы, небәрі он тоғыз жасында атылып кеткен Ғұбайдолла Әнесов пен оның серіктері туралы тарихшы Жаңабек Жақсығалиевтің зерттеуі, Ғ.Әнесовтің інісі Нығметолла Көшековтің естелігі жарық көрген. Осы ұйымды жарыққа шығарып, арнайы кітап жазған журналист Аманкелді Шахин мен ұйымға қатысушы Сейітқали Бажекеновтің бір-бірімен жазысқан хаттары және басқа мақала-суреттер берілген. Күнбатыс Алашордасының басшысы Жаһанша Досмұхамедов пен оның сүйген жары Ольга Константинқызы туралы сырды да оқырмандар осы журналдан біле алады.

Аталмыш журналдың «Жайық Пресс» ЖШС-ында таныстырылымы болып, онда тарихшы-ғалымдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.