Батыс Қазақстаннан тағы бір спортшы Лондон олимпиадасына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстаннан тағы бір спортшы Лондон олимпиадасына барады

Батыс Қазақстаннан тағы бір спортшы Лондон олимпиадасына барады

ҚазАқпарат - Лондон олимпиадасына қатысатын батысқазақстандық және бір спортшының есімі белгілі болды. Ол - Виталий Аничкин.

  • 18 Шiлде 2012
  • 455
Фото - Caravan.kz

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 1988 жылы Орал қаласында туған Виталий Аничкин спорттық жүріспен балалар және жасөспірімдердің №1 спорт мектебінде 9-сыныптан бастап айналыса бастады. Бертін келе Оралдағы инженерлік-гуманитарлық академияны тәмамдаған ол қазір олимпиада резервтерін дайындау орталығында Рустам Куватовтың жетекшілігімен жаттығады. В.Аничкин -бірнеше дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан халықтары спартакиадасының чемпионы, спорт шебері.

Сонымен, БҚО-дан олимпиадаға қатысатын спортшылар саны жетеуге жетті.