Батыс үлгісіндегі демократияны құру үшін Қазақстанға 20 жыл керек- ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс үлгісіндегі демократияны құру үшін Қазақстанға 20 жыл керек- ҚР президенті

Батыс үлгісіндегі демократияны құру үшін Қазақстанға 20 жыл керек- ҚР президенті

Ұлыбританиядағы секілді батыстық үлгідегі демократияны құру үшін Қазақстанға 20 жылдай уақыт керек,- деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 7-маусымда Алматыдағы Трансазиялық парламенттік форумда сөйлеген өз сөзінде.

  • 8 Маусым 2003
  • 1014
Фото - Caravan.kz

«Орталық Азия республикалары қазір қоғамдық және саяси, экономика және мемлекеттілікті құру секілді үш салада бірдей ауыр трансформациялану процесін бастан кешіруде. Аймақтың өзіндік ерекшеліктерін түсінбегендіктен көп жағдайда бізді шығыс Еуропамен салыстырып , соған байланысты қорытынды жасалады. Алайда шығыс Еуропа мүлдем өзгеше әлеуметтік-мәдени және геосаяси ахуалда дамыды. Шығыс Еуропадағы демократиялық модель, ұлттық мемлекеттілік және нарық дәстүрі шамамен отыз-қырық жылға кейін шегерілгені белгілі. Бірақ бұл аймақ геосаяси катаклизмдерден кейін өзінің тарихи мәдени-өркениеттілік арнасына тез арада интеграциялана алды»,- деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың пікірінше, Орталық Азиядағы жағдай бұдан мүлдем өзгеше. Мұнда қоғам мен экономикада либералдық модель ешқашан құрылған емес. «Біз дәстүрлілікті ту еткен қоғамнан қазіргі заманғы қоғамға бет бұрдық. Сол себепті біз үшін әртүрлі мәдениеттердің өзара қақтығысына жол бермей , ұлттық дәстүрлер мен модернизациялық қағидалардың үйлесім табуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Жаңаша құндылықтар мен қарым-қатынас қағидасын адамдар санасына шым-шымдап сіңіруіміз керек»,- деді ол өз сөзінде.
«Ұлттық мемлекеттілік ғимаратын біз тақыр жерде тұрғыза бастадық. Аймақтағы мемлекеттілік тарихы жүздеген жылдарға үзіліп қалды, ал қазіргі заманғы терминдер мен ұғымдар мүлдем дерлік болған жоқ. Еуропа үшін үйреншікті , табиғи сияқты көрінетін нәрселерді бізге асығыс-үсігіс өз бетімізбен құрастырып , өз қолымызбен жасауға тура келді»,- деп атап көрсетті Қазақстан Елбасы.
«Сонымен бірге жоспарлы экономикадан нарық экономикасына ден қою сатысын бастан кешіру талабы тұр. Қазір біз құрылымдық экономикалық реформаларды негізінен жүзеге асырып, қатерлі экономикалық ағымдарға тосқауыл қойдық, қазіргі заманғы қаржылық, салықтық және зейнетақы жүйесі мен жаңа экономикалық инстиуттарды құрдық. Саяси жүйе де күрделі өзгерістерден өтті. Жаңаша сайлау жүйесі қалыптасты. Тәуелсіз БАҚ-тар құрылды»,- деді Н.Назарбаев.
«Үш салада бірдей транзиттік трансформациялану феномені икемді басқаруды қажет етеді»,- деп атап көрсеткен президент Назарбаев одан әрі былай деді : «өйткені, олардың қайсыбір саласындағы кез-келген қателік қоғамды тығырыққа тіреу қаупі бар. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасындағы саясаттың басты бағдары нарықтық экономика мен демократияны дамытуға бағытталады. Ашықтық принциптерін бұлжытпай ұстанатын Қазақстан гуманитарлық даму тақырыбындағы кез-келген ашық әңгімеге әрқашан дайын»,- деп қорытты өз сөзін Қазақстан президенті.