Батысқазақстандық ардагер самбошылар Прагадағы әлем чемпионатына қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық ардагер самбошылар Прагадағы әлем чемпионатына қатыспақ

Батысқазақстандық ардагер самбошылар Прагадағы әлем чемпионатына қатыспақ

Батысқазақстандық ардагерлер қазанның 24-26-сы аралығында Чехияның Прага қаласында самбодан болатын әлем чемпионатында бақ сынамақ.

  • 19 Қазан 2010
  • 549
Фото - Caravan.kz

Онда ел намысын батысқазақстандық 15 балуан қорғамақ. Бұрыннан бәйге алып жүргендердің сапына Қайырбек Оңдағанов, Ғалым Сүйінішәлиев секілді балуандар жаңадан қосылды. Белгілі спорт ардагері Бердіғали Төлегенов бастап баратын жарыс жас айырмашылығына байланысты жеті топта өтпек. Биылғы меже — былтырғыдан төмендемеу. Басты қарсыластар — Ресей мен Чехия.

2009 жылы Литваның Каунас қаласында өткен ардагер самбошылардың кезекті әлем біріншілігінде Батыс Қазақстаннан барған 14 балуанның барлығы да өздеріне артылған сенімді ақтап, бес алтын, төрт күміс, бес қола медальді иеленген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера