Батысқазақстандық балғын балуан республикалық турнирден жеңіспен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық балғын балуан республикалық турнирден жеңіспен оралды

Батысқазақстандық балғын балуан республикалық турнирден жеңіспен оралды

Орал қаласындағы спортқа дарынды балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Шыңғысхан Жантасұлы Қарағанды қаласында өткен А.Ақпаевты еске алуға арналған еркін күрестен өткен республикалық турнирден жеңіспен оралды.

  • 12 Сәуiр 2012
  • 558
Фото - Caravan.kz

Еркін күреспен үш жылдан бері айналысатын он төрт жастағы Шыңғысхан алты қарсыласының бәрін де ұтып, чемпион атанды. Оның бапкері — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Мұсабеков. А.Мұсабековтің айтуынша, аталмыш турнирге мектеп-интернаттан 11 балғын балуан қатысып, соның ішінде Шыңғысханнан басқа Елшат Байыров пен Ақылбек Кеңесай қола жүлдегер атанған. Бұл балаларды бапкер аудандардан іріктеп алған. Ендеше, ел ішінде таланттардың көп екені анық.

Ш.Жантасұлы енді алдағы жазда Якутскіде өтетін «Азия балалары» халықаралық ойындарына қатысады.