Батысқазақстандық балғын спортшы халықаралық жарыстан олжалы оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық балғын спортшы халықаралық жарыстан олжалы оралды

Батысқазақстандық балғын спортшы халықаралық жарыстан олжалы оралды

Батысқазақстандық балғын дзюдошы Тоқтар Үмітәлиев халықаралық бәсекеден алтын медаль иеленіп қайтты.

  • 9 Қараша 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

Ресейдің Пермь аймағының Чернушка қаласында өткен дзюдодан ІІІ халықаралық ашық турнирге РФ, Беларусь, Украина, Қазақстанның 1997-1999 жылы туылған спортшылары қатысқан.

-Турнирде 34 келі салмақпен алты жекпе-жекке қатыстым. Тәжірибе жинақтап, көрші елден жақсы әсерде оралдым, — дейді Тоқтар.

Он үш жасар спортшы Оралдағы жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде төрт жылдан бері дзюдомен шұғылданып келеді.