Батысқазақстандық дирижер Е.Нұрымбетов Қарағандыда болып, концерт қойып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық дирижер Е.Нұрымбетов Қарағандыда болып, концерт қойып қайтты

Батысқазақстандық дирижер Е.Нұрымбетов Қарағандыда болып, концерт қойып қайтты

Батысқазақстандық дирижер, композитор, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының және республикалық дирижерлар байқауларының бірнеше дүркін лауреаты Еркін Нұрымбетов Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Ерлан Бақтыгерейдің шақыруымен кеншілер қаласында болып, концерт қойып қайтты.

  • 14 Ақпан 2012
  • 699
Фото - Caravan.kz

Аталмыш оркестр — елдегі академиялық осындай төрт ұжымның бірі. Құрамында 74 мүшесі бар оркестрдің репертуары бай, шеберлігі жоғары. Оркестр өнерін ұштай түсу мақсатында еліміздің басқа қалаларынан, Ресей мен Өзбекстаннан белгілі қайраткерлер келіп, тәжірибе алмасып тұрады.

Бұл жолы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің залында өткен концертте Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері Еркін Нұрымбетов Тәттімбет оркестріне дирижерлік етті. Онда халық композиторлары мен қазақстандық өнер иелерінің және Еркіннің өзінің шығармалары орындалып, жақсы әсер қалдырды.

-Бұл маған елеулі сынақ болды. Жұртшылықтың қабылдауына қарағанда, сәтті өтті деуге болады. Болашақта да осындай байланыстарымызды нығайта түспекшіміз, — дейді Е.Нұрымбетов.

Перейти к новостям спорта