Оған республикамыздың 13 облысынан және Алматы, Астана қалаларының командалары қатысты. Барлығы 100-ге тарта мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысқан додада БҚО құрама командасы жарыстың 6 түрінен қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, М.Қабдолов 400 метрге жүгіруден, В.Чупрова ұзындыққа секіруден, Г.Батпақұлова ядро мен диск лақтырудан, ал Р.Бегналиев 100 және 200 метрге жүгіруден үшінші орынға табан тіреді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль-дипломдармен марапатталды