Батысқазақстандық он бір түлек Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінде білім алатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық он бір түлек Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінде білім алатын болады

Батысқазақстандық он бір түлек Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінде білім алатын болады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов алдағы қыркүйекте Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінде білім алуды бастайтын мектеп түлектерін қабылдады.

  • 15 Маусым 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz

Алпыс жылдан астам тарихы бар іргелі оқу орнын кезінде Б.Ізмұхамбетов те бітірген. Кейін техника ғылымдарының кандидаты, докторы атанған Бақтықожа Салахатдинұлы өзі түлеп ұшқан университетімен байланысын үзген емес. Өткен жылы облыс әкімінің бастамасымен батысқазақстандық түлектер Уфа университетінде тегін оқуға мүмкіндік алған еді. Бұл дәстүр биыл да жалғасып, ЖОО-дан батысқазақстандық түлектерге 11 орын беріліп отыр.

Облыс басшысы түлектердің жақсы білім алып, болашақта еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ететін мұнай саласының білікті маманы болып шығуларына тілектестігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар