Мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нәсіпқали Дәулетовтің айтуынша, басқа да 124, 123 балл жинаған түлектер бар, бірқатарының апелляциялық шағымдары қаралуда.
Жалпы, аталмыш мектептен сынақ тапсырған 32 оқушының ортақ балы 119 (өткен жылы — 120,7) болды, бұл — әзірге ең үздік көрсеткіш. Білім ордасынан 10 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, соның тоғызы қорғап шықты. Сондай-ақ ерекше аттестаттан дәмелі тоғыз шәкірт түгелдей үмітті ақтады.