Батысқазақстандық полицейлер 15 мәрте пәтер ұрлығын жасаған тұрғынды қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық полицейлер 15 мәрте пәтер ұрлығын жасаған тұрғынды қолға түсірді

Батысқазақстандық полицейлер 15 мәрте пәтер ұрлығын жасаған тұрғынды қолға түсірді

Батысқазақстандық полицейлер 15 мәрте пәтер ұрлығын жасаған Орал қаласының 31 жасар тұрғынын құрықтады.

  • 20 Қыркүйек 2012
  • 290
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ұрының «ерлігі» бұдан да көп болуы мүмкін, қазір ол анықталу үстінде. Ұры пәтерлерге терезе арқылы және есіктің кілтін дөп келтіру жолымен кіріп отырған. 8 тамызға қараған түні ол Алматы көшесі бойындағы үйге кіріп, ноутбук пен алтын бұйымдарды жымқырып кетсе, У.Громова көшесіндегі пәтерден 110 мың теңгені үптеген. Тағы бір пәтерден ноутбук, фотоаппарат, сырға мен 20 мың теңгені қолды қылған.

Күдіктіден 15 ұрлық және тағы бір тонау қылмысы бойынша жауап алынды. ҚР ҚК 175-бабы (ұрлық), 178-бабы (кісі тонау) бойынша айып тағылған оған бес жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера