Жарияланды: 420

Батысқазақстандық полицейлер кросстан жарыс өткізді

Қазақстандық полиция күні қарсаңында БҚО ішкі істер департаменті өз құрылымдары қызметкерлері арасында кросстан жарыс өткізді.

Департаменттің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, жарысқа барлығы 220 полицей қатысып, 3 мың метр қашықтыққа жүгірді. Мәреге Орал қалалық ішкі істер басқармасы патрульдік полициясы батальонының қызметкері Еркебұлан Сапанов бірінші болып жетті. Облыстық жол полициясы басқармасынан кіші сержант Михаил Твердохлебов - екінші, Орал қаласынан полиция сержанты Ағжан Ихсанғали үшінші орынды еншіледі. Жеңімпаз-жүлдегерлер грамоталар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін