Батысқазақстандық қос самбошы Азия чемпионы болып оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық қос самбошы Азия чемпионы болып оралды

Батысқазақстандық қос самбошы Азия чемпионы болып оралды

Батысқазақстандық қос самбошы Ташкент қаласында өткізілген Азия чемпионатынан жеңімпаз болып оралды.

  • 16 Маусым 2010
  • 593
Фото - Caravan.kz

Әскери самбодан 24 жасар балуан Бауыржан Ғұмаров 68 келі салмақ дәрежесінде Өзбекстан елінің спортшысы Әлішер Тораевты, түркіменстандық Пена Нұрышевты, Ресей балуаны Даш-Шви Аибекті тізе бүктіріп, финалда кореялық Ку Мунг Кимен белдесіп, таза жеңіске жетті. Сөйтіп, Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың дене шынықтыру және спорт факультетінің түлегі, қазір шекарашы міндетін абыроймен атқарып жүрген Бауыржан әскери самбо күресі бойынша Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ осы байрақты бәсекеде тағы бір батысқазақстандық Қазбек Сұпығалиев самбодан 57 келі салмақ дәрежесінде шеберлік жарыстырып, жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера