Оның бапкері Баймолла Құбашевтвң айтуынша, Қазбек 57 келі салмақта әскери самбодан сынға түсті. Жалпы, жиырма үш жастағы Қ.Сұпығалиев негізінен дзюдомен айналысады. Спорттың осы түрінен жасөспірімдер және жастар арасында үш мәрте ел чемпионы, енді ересектер арасында жарысқа түсетін болады. Оның ағасы Алтынбек те — Қазақстан чемпионаттары мен талай турнирлерде топ жарған дзюдошы.