Батысқазақстандық шорттрекшілер жастар арасындағы әлем біріншілігінен табысты оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық шорттрекшілер жастар арасындағы әлем біріншілігінен табысты оралды

Батысқазақстандық шорттрекшілер жастар арасындағы әлем біріншілігінен табысты оралды

Батысқазақстандық шорттрекшілер Италияның Курмайор қаласында өткізілген жастар арасындағы әлем біріншілігінен табысты оралды.

  • 4 Наурыз 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жарысқа әлемнің 33 елінен 170-тей спортшы қатысқан. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков жаттықтыратын ел құрамасы 3 мың метрлік эстафеталық сында Франция, Жапония, Канада спортшыларынан кейін төртінші орынды еншіледі. Олар үшінші орын алған канадалықтардан небәрі бір-ақ секундқа қалып қойды. Құрама сапында батысқазақстандықтар Айдар Бекжанов, Абзал Әжіғалиев, Данабек Қайыров және қостанайлық Федор Андреев өнер көрсетті.

Жалпы, қазақстандық шорттрекшілер үшін биылғы жыл табысты болды. Жігіттер мен қыздар құрамасы жетінші қысқы Азия ойындарында эстафеталық сында қола жүлдегер атанған болатын. Олардың бәрі де жас, болашағынан үміт күттіреді. Ендігі мақсат — алдағы әлемдік жарыстарға, сондай-ақ 2014 жылғы Сочи олимпиадасына тыңғылықты дайындалу.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера