Батысқазақстандық суретші дизайнерлердің «Women Art Дизайн» шығармашылық ұжымы Германияда өтетін көрмеге қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық суретші дизайнерлердің «Women Art Дизайн» шығармашылық ұжымы Германияда өтетін көрмеге қатыспақ

Батысқазақстандық суретші дизайнерлердің «Women Art Дизайн» шығармашылық ұжымы Германияда өтетін көрмеге қатыспақ

16 тамыз күні батысқазақстандық суретші дизайнерлердің «Women Art Дизайн» шығармашылық ұжымы өз бұйымдарының таныстырылымын өткізді.

  • 17 Тамыз 2012
  • 491
Фото - Caravan.kz

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысты. Аталмыш көрмеде табиғи теріден, киізден жасалған картиналар, гобелендер қойылған. Мұның бәрі биылғы 21 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Германияның Дрезден қаласында өтетін «Әлемді біріктіре отырып» атты дербес көрмеге арнайы әзірленген.

Бұл көрмені Қазақстанның Саксония мен Саксония-Анхальттағы құрметті консулдігінің қолдауымен Дрезден қаласындағы «Колибри» шағырмашылық орталығы ұйымдастырып отыр. Мұндағы мақсат екі елдің мәдени және қоғамдық байланысын нығайтып, ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді насихаттау болып табылады.

Аталмыш шығармашылық ұжымды БҚО әкімдігі ұдайы қолдап келеді.

«Women Art Дизайн» шығармашылық ұжымы өз жұмысын 2000 жылы бастаған. Содан бері халықтық өнерді таратуға, оған жастарды тартуға өз үлесін қосып келеді. Ұжымның картиналары мен сәндік паннолары Қазақстан мен Ресейдің көптеген қалаларында, Париж, Лондон, Рим, Боннда, әлемнің 30-дан астам елінде мемлекеттік және жеке коллекцияларда сақталуда.

Перейти к новостям спорта